Минскіде ТМД кеңістігіндегі консулдық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды

Минскіде ТМД кеңістігіндегі консулдық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқыланды

Минск, 2026 жылғы 9 маусым – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрліктерінің консулдық қызметтері басшыларының консультативтік кеңесінің XXXIII отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, және ТМД Атқарушы комитетінің, сондай-ақ Армения мен Тәжікстан өкілдері бейнеконференция форматында қатысты. Кеңес отырысына бақылаушы ретінде Әзербайжан мен Түрікменстан өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Болат Каткенов басқарды.

Іс-шараға қатысушылар 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларын орындаудың жекелеген мәселелерін талқылады, 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттер жасасқан басқа да конвенцияларды, оның ішінде екіжақты консулдық конвенцияларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Тараптар конвенциялардың тиісті ережелері шеңберінде өздері берген құжаттарды өзара тану мәселелері бойынша уәкілетті органдары арасында тиісті ақпарат алмасу қажеттілігін мойындады. Қазіргі заманғы байланыс арналарын пайдалана отырып, соның ішінде ТМД мемлекеттерінің ішкі істер органдары арасындағы тікелей ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.

Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарында уақытша болатындарға, білім алушыларға және еңбек қызметін жүзеге асыратындарға қолдау көрсету және көмек көрсету мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша делегация басшылары Хаттамаға қол қойып, келіссөздердің сындарлы әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Сонымен қатар консулдық қатынастардың барлық бағыты бойынша ақпаратты тұрақты түрде алмасуды жалғастыруға уағдаласты.