Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 17 қараша – Бейнеконференция форматында Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті.

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, үнді делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Викас Сваруп басқарды.

Кездесу қарсаңында екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасында Үндістанның Қазақстанда білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда жылдам қайтарым жобаларына гранттар беру туралы меморандумға қол қойылды.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты күн тәртібінің маңызды бағыттарының жағдайы мен болашағын, БҰҰ, АӨСШК, ШЫҰ және басқа да халықаралық құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-әрекеттестікті, сондай-ақ COVID-19 пандемиясымен күресті қоса алғанда өңірлік және жаһандық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді».

Тараптар 2019 жылдың ұқсас мерзімінің көрсеткіштерінен қарағанда 2020 жылдың тоғыз айының қорытындылары бойынша 100 пайызға өсіп, 2,2 млрд. АҚШ долларын құраған екіжақты сауданың дамуын қанағатпен атап өтті.

Энергетика, ғарыш, білім, мәдениет және басқа да салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Қазақстандық тарап 2021 жылы Ливандағы БҰҰ-ның Уақытша күштері құрамындағы бітімгершілік құрылымдарды бірігіп орналастырудың мерзімдерін ұзарту жөніндегі Үндістанның шешіміне ризашылығын білдірді.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша тараптар Нұр-Сұлтан мен Нью-Дели арасындағы стартегиялық серіктестікті одан әрі тереңдету мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері байланыстарының жоғары деңгейін сақтап қалу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.