Астана, 2026 жылғы 3 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кипр Республикасы Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға алғашқы ресми сапары аясында Кипрдің Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен келіссөздер өткізді.
Тараптар аталған сапардың тарихи маңызын атап өтіп, оның Қазақстан мен Кипр арасындағы қатынастардың дамуындағы жаңа кезеңді бастап, саяси диалогты одан әрі нығайтуға деген өзара мүдделілікті растайтынын жеткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ цифрландыру, туризм және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына бейілділіктерін растады.
Сұхбаттастар Астана – Ларнака және Алматы – Ларнака бағыттары бойынша алғашқы тікелей әуе рейстерінің іске қосылуын құптады. Бұл қадам туристік, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейтуге маңызды серпін береді.
Келіссөздер қорытындысында министрлер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кипр Президенті Никос Христодулидис арасындағы кездесулер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынастардың одан әрі дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді.