
Никосия, 2026 жылғы 18 мамыр – Кипр Республикасына жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев БҰҰ Бас хатшысының Кипрдегі Ізгі қызметтер кеңсесінің қызметімен танысты.
Қазақстандық делегацияға БҰҰ-ның Ізгі қызметтер миссиясының ағымдағы қызметі, тараптар арасындағы диалогқа жәрдемдесу бағытындағы күш-жігері, сондай-ақ, арал қауымдастықтары арасындағы практикалық өзара іс-қимылды ілгерілету мақсатында БҰҰ аясында құрылған екіжақты техникалық комитеттердің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.
Сенім шараларын нығайту, гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және аралдағы тұрақтылықты қолдау бағытында іске асырылып жатқан шараларға ерекше назар аударылды.
Кипр мәселесін тек бейбіт жолмен және БҰҰ аясында жан-жақты әрі орнықты реттеудің маңыздылығы аталып өтті.
Қазақстан тарапы, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы мен оның Ізгі қызметтер кеңсесінің диалогты ілгерілетуге, өзара сенімді нығайтуға және келіссөздер үдерісін жалғастыру үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған күш-жігеріне қолдау білдірді.