Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Кипрде келіссөздер жүргізді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары  Кипрде келіссөздер жүргізді

Никосия, 2026 жылғы 18 мамыр – Никосияға жасаған сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бакаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен келіссөздер өткізді.

Тараптар өзара құрметке, сенімге және сындарлы саяси диалогқа негізделген қазақ-кипр қатынастарының дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды бағыттары бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, жоғары және аса жоғары деңгейлердегі алдағы іс-шараларға дайындық мәселелері талқыланды.

Министр орынбасары Кипрдің Қазақстан үшін Еуропа Одағы мен Жерорта теңізі өңіріндегі маңызды серіктес екенін атап өтіп, Кипр Республикасының ЕО Кеңесіндегі төрағалығының табысты өтуін жоғары бағалады.

Тараптар, сондай-ақ, халықаралық құқық қағидаттарына, оның ішінде мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы мәселелеріне қатысты мызғымас бейілділіктерін растады.