Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Иран Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 6 мамыр – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігін растады.

Сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастық мәселелеріне, сондай-ақ барлық деңгейлерде тұрақты диалогты қамтамасыз етудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай да талқыланды.