Қазақстан және Польша сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан және Польша сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2026 жылғы 5 мамыр – Поляк тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Польша Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара құрметке, сенімге және сындарлы диалогқа негізделген қазақ-поляк қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Тараптар тұрақты саяси байланыстарды одан әрі қолдауға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жандандыруға, сондай-ақ көлік және ауыл шаруашылығы сияқты перспективалы салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

Сұхбат қорытындысы бойынша дипломаттар Астана мен Варшава арасындағы екіжақты және көпжақты әріптестікті нығайту бағытында бірлескен күш-жігерді жалғастыруға уағдаласты.