Қазақстан Сыртқы істер министрі Украина Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Украина Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасындағы Украина Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Майкомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгімелесушілер өзара қызығушылық тудыратын басым бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін растады.