ҚР СІМ-де БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының өкілдерімен өңірлік ынтымақтастық перспективалары талқыланды

ҚР СІМ-де БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының өкілдерімен өңірлік ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Халықтың қоныстануы қорының (ЮНФПА) Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірлік директоры Флоренс Бауэрмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Ф.Бауэрге Өңірлік экологиялық саммитке қатысқаны үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ ЮНФПА Өңірлік кеңсесінің қазақстандық бейінді мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен Саммит аясындағы панельдік сессиялар мен іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді қолдау көрсеткені үшін ризашылығын жеткізді.

Ол экологиялық күн тәртібі мәселелері жаһандық климаттың өзгеруінен туындаған табиғи апаттар мен техногендік төтенше жағдайлар алдында аса осал болатын балалар мен жастардың денсаулығы мен әл-ауқатымен тікелей байланысты екенін назар аударды.

Ф.Бауэр Саммит алаңында демографиялық орнықтылық, ана мен бала өлімі, климат өзгерісінің өңірдегі өлім-жітім көрсеткіштеріне әсері, сондай-ақ экологиялық күн тәртібіне белсенді тартылған жастар ұйымдарының әлеуетін арттыру мәселелері сияқты өзекті өңірлік тақырыптар талқыланғанын атап өтті.

ЮНФПА өкілі Түркістан облысындағы Отбасын қолдау орталықтарының әлеуетін арттыру жөніндегі қазақстандық тәжірибе өзге өңірлерде де қолданылып жатқанын, ал Түрікменстан мен Қырғызстан қазақстандық орталықтар негізінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу саласында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жастардың репродуктивтік денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға, сондай-ақ ЮНФПА-ның Орталық Азия елдері мен Ауғанстан үшін Алматы қаласындағы БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының негізінде қатысуын кеңейтуге келісті.