Қазақстан Сыртқы істер министрі Палестина Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Палестина Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Палестина Мемлекетінің Елшісі, дипломатиялық корпустың дуайені Монтасер Абу Зейдті қабылдады.

Жылы әрі сындарлы жағдайда өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Палестина арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, екіжақты қатынастардың тұрақты даму серпінін және оларды одан әрі ілгерілетуге өзара мүдделілікті атап өтті. Саяси, гуманитарлық және өзге де өзара қызығушылық тудыратын салалардағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасып, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту үшін күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті тереңдетуге және бірлескен бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған тұрақты әрі сенімді диалогты қолдауға бейілділігін растады.