Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді

Черногория Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді

Астана, 2026 жылғы 23 сәуір – Черногория Үкіметі 2026 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізді.

Осылайша, қазақстандықтар ағымдағы жылдың 1 мамырынан 1 қазанына дейін жарамды жол жүру құжаты негізінде Черногория аумағына кіре алады, кесіп өте алады және 30 күнге дейін бола алады.

Ұзақ сапарлар үшін тиісті виза ресімдеу қажет.