Астана, 2026 жылғы 20 сәуір – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.
Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты.
Өз кезегінде, Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, еліміздің бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.