Моңғолия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

Моңғолия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды

2026 жылғы 15 сәуір, Астана - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов жаңадан тағайындалған Моңғолияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Батжаргал Гунаажавыннан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығының түрлі аспектілері талқыланды.

Ағымдағы жылы биік және жоғары деңгейлерде жоспарланған іс-шаралар кестесіне ерекше назар аудара отырып, тараптар саяси диалогтың жоғары қарқынын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимыл жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында тараптар тұрақты байланыстарды қолдап отыруға және өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.