Астана, 2026 жылғы 15 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Қазақстан Республикасындағы Монако Князьдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Мирей Мартиниден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастығының саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзекті мәселелерін талқылады.
А.Исетов Қазақстанның Монакомен қарым-қатынасты дамытуға ерекше мән беретінін және өзара тиімді әріптестікті, соның ішінде, туризм, қаржы және экология салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты Қазақстан мен Монако арасындағы байланыстарды нығайтудың және ынтымақтастықтың жаңа перспективалы бағыттарын айқындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында Министрдің орынбасары Монако Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.