Қазақстан мен Армения саяси диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Армения саяси диалог пен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда

Ереван, 2026 жылғы 10 сәуір – Ереванға ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурян қабылдады.

Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең жылы лебіздері мен ізгі тілектерін Ваагну Хачатурянға жеткізді.

Е.Көшербаев Қазақстанда Армения Президентінің қазақ-армян қатынастарын дамытуға қосқан үлесі мен жеке назарын бағалайтынын атап өтті. В.Хачатурянның 2026 жылғы 22-23 сәуірде Астанада өтетін Өңірлік экологиялық саммитке қатысу туралы шешіміне ризашылығын білдірді.

«Армения  Қазақстанның маңызды және сенімді серіктесі болып табылады, онымен бізді тығыз жан-жақты қатынастар байланыстырады.  Бүгінде қазақ-армян байланыстары үдемелі қарқынмен, сындарлы тәсілмен және бір-бірінің мүдделерін ескеруге дайын екендіктері тұрғысында дамып келеді. Бұған жоғары деңгейдегі сенімді саяси диалог, белсенді дамып келе жатқан Парламентаралық және үкіметаралық ынтымақтастық жәрдемдеседі», – деп атап өтті Қазақстан СІМ басшысы.

Өз кезегінде В.Хачатурян Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Астанада ұйымдастырылған Өңірлік экологиялық саммитті өткізудің өзектілігін атап өтті. Армения Президенті экологиялық сын-қатерлерге бірлескен жауаптар іздеуде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы Қазақстанның ұстанымын толығымен бөлісетінін айтты.

Кездесу соңында Президент Арменияның дәстүрлі көпғасырлық достық пен өзара сыйластыққа негізделген армян-қазақ қатынастарын одан әрі дамытуға және нығайтуға зор мән беретінін атап өтті.