Қазақстан мен Молдова консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Қазақстан мен Молдова консулдық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Кишинёв, 2026 жылғы 7 сәуір – Консулдық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар өтті.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Азамат Аубеков, Молдова тарапын СІМ Консулдық істер жөніндегі бас басқармасының басшысы Лилиан Морару басқарды. Сонымен қатар кездесуге екі мемлекеттің құзыретті органдарының өкілдері қатысты.

Дипломаттар өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалап, сенім мен халықаралық құқық нормаларын сақтау қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады. Кездесу барысында көші-қон саясаты, шекараларды басқару, құжаттарды өзара тану, консулдық қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ халықаралық конвенцияларға сәйкес азаматтарға құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды. Қатысушылар бұл форматтардың маңыздылығына және олардың екіжақты қатынастардың дамыуына үлес қосатынын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында ақпарат алмасуға дайын екендіктерін растады.