Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестікті практикалық мазмұнмен толықтыру ниетін растады

Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестікті практикалық мазмұнмен толықтыру ниетін растады

Тбилиси, 2026 жылғы 7 сәуір – Тбилисиге ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Грузия президенті Михаил Кавелашвили қабылдады.

Әңгімелесу барысында М. Кавелашвили екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытудың оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін білдіріп, Астанада Грузиямен өзара тиімді ынтымақтастыққа ерекше назар аударып, біздің елдеріміз ғасырлар бойғы достық пен өзара көмек дәстүрлерін байланыстырып отырғанын атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, сондай-ақ көпжақты форматтар шеңберінде одан әрі әріптестік пен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары бойынша тәсілдер салыстырылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан-Грузия ынтымақтастығын дамытудың үлкен әлеуетін және қолда бар мәселелерді барынша тиімді шешу және өзара іс-қимыл деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.