Қазақстан мен Иордания көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Иордания көпқырлы ынтымақтастықты нығайтуда

Астана, 2026 жылғы 6 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иордания Королі сарайындағы саяси департаменттің директоры Моаз Аз-Зубимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар көпжақты әріптестікті одан әрі дамыту мәселелерін, соның ішінде жоғары деңгейдегі алдағы іс-шараларды, сондай-ақ көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады.

Ә.Бақаев Қазақстан өкілдерінің «Акаба процесі» жұмысына                            (2025 жылғы 14–15 қазан, Рим) қатысу мүмкіндігі үшін иордан тарапына ерекше ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде М.Аз-Зуби қазақстандық тарапқа қонақжайлылық үшін алғыс айтып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтті.