2026 жылғы 3 сәуір, Баку - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі мәдениеті және мұрасы қорының (Қор) штаб-пәтеріне барып, Қор Президенті Ақтоты Раиымқұловамен келіссөздер өткізді.
Келіссөздер барысында тараптар Қордың ағымдағы қызметін, перспективалық жобаларды іске асыру барысын, сондай-ақ түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету мәселелерін талқылады.
Тараптар түркі мәдениетін әлемнің түрлі өңірлерінде танытуға бағытталған ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.
Кездесу аясында сұхбаттастар Қордың институционалдық нығаюын одан әрі қамтамасыз ету және оның қызметін орта және ұзақ мерзімді кезеңге кешенді жоспарлау қажеттілігі жөнінде пікір алмасты.
Түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылған. Қордың негізгі міндеттері – түрлі іс-шаралар, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын сақтау, зерттеу және ілгерілету.