Астана, 2026 жылғы 1 сәуір – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенконың төрағалығымен екіжақты ведомствоаралық консультациялар өтті.
Іс-шара барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу аясында өзара тауар айналымын ұлғайтудың маңыздылығына, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, логистиканы жақсартуға және экспортты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы диалогты одан әрі жалғастыруға уағдаласты.