Ташкент қ., 2026 жылғы 31 наурыз – Ташкентке ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қабылдады.
Сұхбаттасу барысында Ш.Мирзиёев екі мемлекет арасындағы көпқырлы ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Өз кезегінде Е.Көшербаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жылы лебізін және ізгі тілектерін жеткізіп, жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы туралы хабардар етті.
«Бүгінде қазақ-өзбек қатынастары халықаралық аренадағы сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың айқын үлгісі болып табылады. Бұған, ең алдымен, жоғары деңгейдегі тұрақты әрі сенімді саяси диалог ықпал етуде», – деді Е.Көшербаев.
Кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері де талқыланды.
Қазақстан мен Өзбекстанның көпжақты құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылының жоғары деңгейі, сондай-ақ өңірлік кооперацияны одан әрі дамытудың, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөніндегі бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді.