Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Алматыда өткен бизнес-форумда Қазақстан мен Үндістанның фармацевтика саласындағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды

Алматы, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров «Kazakhstan–India Pharma Business Meeting» бизнес-форумына қатысты. Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Үндістан арасындағы фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.

Аталған форумға жетекші фармацевтикалық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, соның ішінде «Acies Pharmaceutical Pvt. Ltd.», «Abaris Healthcare Pvt. Ltd.», «Akriti Pharmaceuticals Pvt Ltd.», «AMTEC Health Care Pvt Ltd.» қатысты. Бұл екі елдің бизнес қауымдастықтарының Қазақстан мен Үндістан арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға өзара қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда 12 мыңнан астам үндістандық студент білім алуда, олардың көпшілігі медициналық университеттерде оқиды. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді және денсаулық сақтау мен медициналық зерттеулер саласындағы болашақ байланыстар үшін берік негіз қалайды. Мұның айқын мысалы – жақында үнділік MSN Group-тың Алматы облысында толық циклді фармацевтикалық зауыт салу бойынша инвестициялық жобасы», –  Ә. Қуантыров деп атап өтті.

Өз кезегінде Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды фармацевтика саласының даму қарқынына, атап айтқанда, қалада заманауи салалық кластерлердің қалыптасуына, ғылыми орталықтардың ашылуына және дәрілік заттарды өндіру жобаларының іске қосылуына қанағаттанушылық білдірді.

Қазақстандағы Үндістан Елшісі Я.К. Сайлас Тангал бизнес-форумды өткізудің маңыздылығын және екі ел арасындағы ұзақ мерзімді экономикалық қатынастарды дамыту мүмкіндіктерін атап өтті.

Іс-шара аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ тарапынан Қазақстанның инвестициялық және фармацевтикалық әлеуеті таныстырылды. Таныстырылым барысында үндістандық кәсіпкерлерге еліміздің аумағында дәрілік заттар мен медициналық жабдықтар өндірісін жерсіндіруге белсенді қатысу ұсынылды.