Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Молдова Елшісін қабылдады

Қазақстан CІМ-де дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Молдова Елшісін қабылдады

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстандағы Молдова Республикасының Елшісі Штефан Горданы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың оң серпінмен дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-молдова өзара байланыстарын одан әрі нығайтуға деген ұмтылыстарын растады.
Министрдің орынбасары Елшіге сындарлы ынтымақтастығы және Қазақстан мен Молдова арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін алғыс білдіріп, алдағы кәсіби қызметіне табыс тіледі.