Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов Грузияның Елшісі Леван Диасамидземен кездесті.
Келіссөздер барысында агроөнеркәсіптік кешен, логистика және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін, әсіресе өзара қатысу арқылы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.
Қатысушылар Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) логистикалық инфрақұрылым жобаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кооперация жобаларын талқылауға ерекше назар аударды.