Астана, 2026 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК/IFC) қызметіне жауапты өңірлік менеджері Зафар Хашимовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ХҚК арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ елдің орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ә.Қуантыров Қазақстандағы жеке секторды дамытуға, инвестициялар тартуға және экономиканы жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруға ХҚК-ның қосып отырған маңызды үлесін атап өтті. Осы тұрғыда Корпорацияның қатысуымен жүзеге асырылып жатқан бастамалардың қаржы саласы, инфрақұрылым және орнықты даму сияқты экономиканың түрлі секторларындағы маңыздылығы ерекше аталып өтті.
Өз кезегінде, З.Хашимов Халықаралық қаржы корпорациясының Қазақстанмен серіктестікті одан әрі нығайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға, іскерлік ахуалды жақсартуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында заманауи орнықты шешімдерді енгізуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.
Сондай-ақ тараптар құрамына ХҚК кіретін Дүниежүзілік банк тобы мен Қазақстан арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтіп, басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендіктерін растады.