Астана, 2026 жылғы 4 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Али Акбар Джоукарды қабылдады.
Кездесу барысында Таяу Шығыс өңіріндегі жағдай бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, тараптар қазақ-иран ынтымақтастығына қатысты мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға бейілдігін растады.