Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы Мали Республикасының Елшісі Сейду Камиссоко, Гана Республикасының Елшісі Кома Стим Джеху Аппьях, Гамбия Республикасының Елшісі Алкали Фанка Конте, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Елшісі қызметін қоса атқарушы Шобини Гунасекераның және Бангладеш Халық Республикасының Елшісі Мохаммад Назрул Исламның грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қазақстан аталған мемлекеттермен Біріккен Ұлттар Ұйымы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі және басқа да халықаралық ұйымдар мен алаңдар аясында белсенді өзара іс-қимыл жасап келеді. Бұл байланыстар өзара мүдделерге негізделген орнықты қарым-қатынастарды қалыптастыруға ықпал етуде.
Осы тұрғыда екіжақты және көпжақты форматтарда ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және медицина салаларындағы ынтымақтастық өзара қызығушылық тудырады. Сауданы әртараптандыру, көлік-логистикалық байланыстылықты дамыту, сондай-ақ энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және цифрландыру бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту шаралары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға уағдаласты.