Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Астанаға 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу процесін байқау мақсатында Дуглас Уэйктің жетекшілігімен келген ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) делегациясымен кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ ДИАҚБ арасындағы ынтымақтастықты талқылаумен қатар, электоралдық процестің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында референдумға халықаралық байқаушылардың қатысуы маңыздылығын растады. Сындарлы диалог пен ынтымақтастық халықтың өз еркін білдіру рәсімдеріне деген сенімділіктің нығаюына ықпал ететіні аталып өтті.
Кездесу барысында Байқау миссиясының мандатына ерекше назар аударылды. Электоралдық процеске объективті баға берудің ерекше маңыздылығы аталып өтті, сондай-ақ халықаралық міндеттемелер мен ұлттық заңнама шеңберінде одан әрі өзара іс-қимылға дайындық расталды.
Кездесу қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға және Миссияның қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қолдау көрсетуге өзара мүдделілік білдірді.