Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады

Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады

 

Астана, 2026 жылғы 3 наурыз – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Аргентина Елшісі Игнасио Феррер Виейраны қабылдады.

Кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Тараптар Астана мен Буэнос-Айрес арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп, көлік-логистика, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара қолдау мен көпжақты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Аргентина серіктестігін одан әрі нығайтуға өзара мүдделілігін растады.