Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Норвегия Корольдігінің жаңадан тағайындалған Елшісі Хелене Санд Андресеннен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар қазақ-норвег саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтығы мәселелерін талқылады.
Министрдің орынбасары Қазақстан Норвегиямен қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып, өзара тиімді сауда-инвестициялық серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақ-норвег іскерлік кеңесінің екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, жаңа салаларды айқындаудағы маңызды рөлі аталып өтті.
Кездесу соңында Министрдің орынбасары Норвегия Елшісіне Қазақстандағы миссиясына табыс тіледі.