Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда

Қазақстан мен Индонезия сыртқы саяси диалогты нығайтуда

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Джакартаға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында оның сыртқы істер Вице-министрі Анис Матта және Индонезия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық жөніндегі Бас директоры Три Тарьятпен кездесулері өтті.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамыту мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Ерекше назар БҰҰ және Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, Палестина мәселесіне, әсіресе Бейбітшілік кеңесі мен Халықаралық тұрақтандыру күштеріне бірге қатысуды тұрғысынан, су проблематикасына, халықаралық бастамаларды өзара қолдау мәселелеріне аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің аталған сұрақтары бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.