Сыртқы істер министрінің орынбасары БЖКБ өңірлік өкілін қабылдады

Сыртқы істер министрінің орынбасары БЖКБ өңірлік өкілін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 29 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ-ның Орталық Азиядағы босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының жаңадан тағайындалған өңірлік өкілі Ханс Фридрих Шоддерді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Басқарманың мандатына кіретін нақты мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан мен БЖКБ-ның сындарлы өзара іс-қимылын жалғастыруға дайын екендерін растады.