Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз үшінші отырысын өкізу туралы

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз үшінші отырысын өкізу туралы

2020 жылғы 26-30 қазан аралығында Алматы қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз үшінші отырысы өтті.

Тараптар 2020 жылы орындалған далалық демаркациялық жұмыстардың қорытындыларын шығарып, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді жалғастырды.

Делегациялар комиссияның жұмыс жоспарына, сондай-ақ 2021 жылғы далалық және камералдық демаркациялық жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылады.

Келіссөздер достық және сындарлы атмосферада өтті.

Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың қараша айында Ресей Федерациясында өтеді.