Астана, 2026 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Грек Республикасының жаңадан тағайындалған Елшісі Антония Кацурудан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
А.Исетов Грекияның Қазақстан үшін Жерорта теңізі өңіріндегі маңызды серіктестердің бірі екенін атап өтіп, Астана мен Афины арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайындықтарын растады.