Қазақстан СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» отырысы

Қазақстан СІМ жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» отырысы

Нұр-Сұлтан, 2020 жылғы 29 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының (ККО) кезекті онлайн-отырысы өтті. 

Іс-шараға Парламент, Жоғарғы Сот, Конституциялық Кеңес, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ алаң қонақтары-халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ, ЕО, ЮСАИД, БҰҰДБ, АҚЖКБ, «Халықаралық түрме реформасы» және АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің өкілдері қатысты. 

Отырысқа қатысушылар мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылау жасау және азаматтардың шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейту мәселелерін: Үкіметпен өзара іс-қимыл тетіктері мен оларды заңнамалық тұрғыдан бекіту, бірлестіктер, оның ішінде саяси партиялар мен кәсіптік одақтар бостандығы мәселелерін талқылады. Әйелдердің құқықтары мен тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемалары туралы мәселе тағы бір өзекті тақырыпқа айналды. 

Ағымдағы жылдың қараша айында өтетін ККО-ның келесі отырысында Бас прокуратураның қылмыстық заңнама реформаларының пакеті туралы және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің адам саудасына қарсы күрес туралы ақпаратын тыңдау жоспарлануда. 

Күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша пікірталастар мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың аталған мәселелер бойынша одан әрі өзара іс-қимылы жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуге бағытталған ашық әрі сындарлы сипатта болды.