Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Германия Елшісін қабылдады

Астана, 2026 жылғы 26 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Германия Федеративтік Республикасының Елшісі Моника Иверсенді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне баса назар аударып, екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму әлеуетін талқылады.

Министр бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың және елдер арасындағы іскерлік диалогты жандандырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Германия Елшісі Берлиннің Астанамен екіжақты және халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін растады.

Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.