Қазақстан СІМ-де Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Қазақстан СІМ-де Латвиямен ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Латвия Республикасының Елшісі Даце Руткамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-латыш ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары талқыланды.

Өзара сауда көлемін ұлғайту үшін  шешуші маңызға ие көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Қызығушылық тудыратын түрлі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайындық білдірілді, сондай-ақ 2026 жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесі талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша дипломаттар мазмұнды диалогты жалғастыру және екі ел арасындағы жан-жақты өзара ынтымақтастықты тереңдету ниетін растады.