Қазақстан және Таиланд сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан және Таиланд сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2026 жылғы 16 қаңтар – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен Таиланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткео арасында телефон арқылы сөйлесу өтті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Қазақстан-Таиланд қатынастарының үдемелі даму қарқынын жоғары бағалап, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы перспективаларын талқылады.

Тараптар саяси диалогты кеңейтуге, сауда және инвестициялар, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық даму, туризм салаларындағы және өзге де басым бағыттардағы өзара әрекеттестікті тереңдетуге одан әрі қолдау көрсетуге дайындықтарын білдірді.

Сонымен қатар министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша ұстанымдарды одан әрі үйлестіру мақсатында тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға уағдаласты.