Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты іс-шара барысында сыртқы саяси ведомствоның басшысы Ермек Көшербаев министрліктің биылғы жылғы қызметінің негізгі қорытындыларына тоқталып, 2026 жылға арналған жоспарларды айқындады.
СІМ басшысы 2025 жыл стратегиялық серіктестіктерді нығайту, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық қауіпсіздікті арттыру және ел мүдделерін жан-жақты ілгерілету бағытындағы дипломатиялық қызметтің белсенді әрі нәтижелі кезеңі болғанын атап өтті. Ведомствоның жұмысы сыртқы саясаттың негізгі басымдықтары – егемендік пен қауіпсіздікті нығайтуға, шетелдегі ҚР азаматтарын қолдауға және көпжақты форматтар шеңберінде сындарлы ынтымақтастыққа негізделді.
Е.Көшербаев 2026 жылға арналған басым міндеттерді де атап өтіп, олардың қатарында экономикалық дипломатияны дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ведомствоаралық үйлестіруді күшейту және Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларын ілгерілету бар екенін мәлімдеді.
Министр СІМ ұжымына келер жылы жаңа кәсіби табыс, амандық пен береке тіледі.