Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Қытай Халық Республикасының Елшісі Хань Чуньлиньді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылап, оның одан әрі кеңею перспективалары бойынша пікір алмасты.
Сұхбаттастар ағымдағы жылы екі ел арасындағы саяси диалогтың дамуының бұрын-соңды болмаған серпінін атап өтті. Қазақстан мен Қытай мемлекет басшыларының кездесулері барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, сондай-ақ 2026 жылғы биік және жоғары деңгейдегі екіжақты іс-шаралар кестесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және көпжақты құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тығыз үйлестіру мен өзара ықпалдасуды жалғастыруға келісті.