Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Өзбекстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өтіп бара жатқан жылдың қорытындылап, қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қараша айында Ташкентке жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы көпқырлы өзара іс-қимылды кеңейтуге одан әрі жәрдемдесуге өзара бейілділік расталды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кезеңге жоспарланған халықаралық іс-шаралардың кестесін қарастырды.