Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Беларусь Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 30 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Беларусь Республикасының Елшісі Алексей Богдановты қабылдады.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-беларусь ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын жан-жақты талқылады. Биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.

Сұхбат соңында алдағы іс-шаралар мен бірлескен жобалар аясында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға дайындық білдірілді.