Қазақстан Сыртқы істер министрі Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігіне барды және дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Алматы қаласындағы СІМ Өкілдігіне барды және дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті

Алматы, 2025 жылғы 26 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жұмыс сапары аясында СІМ Өкілдігіне барып, Алматы қаласында тұратын дипломатиялық қызметінің ардагерлерімен кездесті.

Сапар барысында сыртқы саяси ведомствосының басшысы Өкілдік ұжымымен кездесу өткізіп, Министрлік алдында қазіргі кезеңде тұрған басым міндеттерді талқылады. Қызметтің тиімділігін арттыру және орталық аппаратпен жұмысты үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы саясат саласында айқындаған ұстанымдар мен тәсілдерді жүзеге асырудың, оның ішінде көпвекторлық, прагматизм, ұлттық мүдделерді қорғау және Қазақстанның халықаралық беделін белсенді ілгерілету қағидаттарына бейілділігінің маңыздылығын атап өтті. СІМ жүйесінің әрбір қызметкері елге деген сенімді нығайтуға және мемлекеттің сыртқы саясатын іске асыруға өз үлесін қосатыны айтылды.

Сонымен қатар Е.Көшербаев ардагерлермен өткен жылы жүздесуде Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің қалыптасуы мен дамуына қосқан көпжылдық еңбектері үшін алғысын білдіріп, ұрпақтар сабақтастығы мен дипломатияның кәсіби дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ оларға мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыс етті.