Қазақстан СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады

Қазақстан СІМ басшысы Украина Елшісін қабылдады

Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Виктор Майконы қабылдады.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық және өңірлік тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Астана мен Киев арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы сындарлы диалогты тереңдетуге дайындық расталды.