Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық саладағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық саладағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев 2025 жылғы 2 желтоқсанда Брюссельде өткен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында жеңілдетілген визалық режим және реадмиссия туралы келісімдер жасасу жөніндегі келіссөздердің ресми түрде бастаудың қорытындысы бойынша Еуропалық одақтың Елшісі Алешка Симкичпен кездесу өткізді.

Тараптар келіссөздердің басталуы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы өзара сенімнің артқанын, сондай-ақ азаматтардың мобильдігін күшейтуге, мүмкіндіктерін кеңейтуге, гуманитарлық және қоғамдық байланыстарды нығайтуға деген ұмтылысты көрсететінін атап өтті. Аталған процесс Еуропалық одақ пен Орталық Азия мемлекеті арасындағы осындай алғашқы бастама екені аталып, бұл қадамға тарихи мән берілді.

Келіссөздер 2026 жылы Астанада жалғасуға жоспарланды.