Астана, 2025 жылғы 24 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ Икті қабылдады.
Сыртқы саяси ведомствосының басшысы кеңейтілген стратегиялық серіктестік аясында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың даму серпінін жоғары бағалап, Астананың Сеулмен өзара тиімді ынтымақтастығының барлық бағыттарын одын әрі жан-жақты дамутыға ұмтылысын жеткізді.
Өз кезегінде Елші өзінің қызметі кезінде көрсетілген жан-жақты қолдау мен қонақжайлық үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, өзара құрмет пен сенімге негізделген қазақ-корей қатынастарының дәйекті дамуына сенім білдірді.
Сұхбаттастар «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматы аясында бірлескен іс-қимылдарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты. Осы бағытта биік және жоғары деңгейдегі іс-шараларды табысты өткізу мақсатында үйлесімді күш-жігер жұмылдыруға уағдаласты.
Кездесу соңында Министр екіжақты қатынастарды нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Елшіге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат пен төсбелгісін табыстады және оның кәсіби қызметіне сәттілік тіледі.