Қазақстан мен Испания Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Испания Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 2020 жылғы 22 қазан – Испан тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Испания Корольдігінің Сыртқы істер, Еуропалық одақ және ынтымақтастық министрі Аранча Гонсалес Лайямен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында тараптар саяси байланыстарды жандандыруға, екі ел арасындағы сауда-инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетуге назар аудара отырып, кең ауқымды мәселелерді қозғады, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту болашағын талқылады.