Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті

Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті

Вена, 2025 жылғы 5 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вена қаласына сапары аясында Аустрия Республикасының Парламенті Ұлттық кеңесінің президенті Вальтер Розенкранцпен кездесу өткізді.

Cұхбат барысында қазақ-аустрия қарым-қатынастарының қазіргі күйі мен келешегі, Еуропалық одақпен серіктестікті тереңдету және ЕҚЫҰ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Министр екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, түрлі салалардағы байланыстарды одан әрі кеңейту маңыздылығына назар аударды.

Аустрия тарапы Қазақстан мен ЕО арасындағы белсенді саяси диалогты және Астананың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша сындарлы ұстанымын жоғары бағалады.

Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастығын жандандыруға уағдаласып, тұрақты кездесулерді қолдауға ниет білдірілді.