Астана, 2025 жылғы 4 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен алдағы биік және жоғары деңгейде жоспарланған іс-шаралар кестесі талқыланды.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.