Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерімен дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерімен дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Бангкок, 2025 жылғы 2 желтоқсан — «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов бастаған қазақстандық делегация Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің бас директорларының 7-ші форумына қатысты.

Іс-шараны БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты аймағына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCAP) Таиландтың халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (TICA) бірлесіп ұйымдастырды.

Форум аясында KazAID және TICA Таиландтың халықаралық даму агенттігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған құжат KazAID және TICA арасында халықаралық даму саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және тәжірибелермен алмасу, оқыту және әріптес елдерде бастамаларды бірлесіп іске асыру үшін мүмкіндік туғызбақ.

Іс-шара барысында KazAID және TICA өкілдері одан әрі өзара іс-қимыл перспективаларын талқылап, болашақ жобалардың бағыттарын айқындады және орнықты даму мүддесінде практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылысын растады.

Қол қою рәсімі БҰҰ ЭСКАТО атқарушы хатшысының орынбасары Шомби Шарпа және Қазақстанның Таиланд Корольдігіндегі Елшісі - БҰҰ ЭСКАТО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұханның қатысуымен өтті.

Таиландтың Сыртқы істер министрлігі жанынан 2004 жылы 19 қазанда құрылған (TICA) Таиландтың халықаралық даму агенттігі дамушы мемлекеттерге арналған техникалық ынтымақтастық, гранттар, тренингтер мен алмасу бағдарламаларын қоса алғанда, елдің халықаралық көмегін үйлестіруге жауапты. Агенттік екіжақты, үшжақты және көпжақты ынтымақтастық модельдерін насихаттайды және Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Африка, Таяу Шығыс елдерімен және басқа серіктестермен белсенді жұмыс істейді.